• Бастапқы бет
  • Kazior
  • Онлайн конференциясы
  • Виртуалды көрме
  • Спикерлер
  • Бағдарлама
  • Байланысу
  • Бағдарлама
  • Демеуші туралы

    Қазақстан Республикасында өз филиалы арқылы әрекет ететін Pfizer Export B.V. компаниясы

    Pfizer - де біз ғылыми әдісті қолданамыз және өмірді ұзартатын және жақсартатын қажетті емдеуді әр пациентке қол жетімді ету үшін ғаламдық ресурстарымызды қолданамыз. Біз өнімдерімізді ашу, әзірлеу және өндіру кезінде барлық сапа, қауіпсіздік және құндылық стандарттары бойынша эталон болуға ұмтыламыз.

     

    Pfizer компаниясының ғаламдық портфолиосына дәрі-дәрмектер мен вакциналар, сонымен қатар денсаулыққа арналған әлемдегі ең танымал тұтыну өнімдерінің көп мөлшері кіреді. Күн сайын Pfizer әріптестері денсаулықты жақсартуға, алдын-алуға және емдеуге жұмыс атқарады және өз үлестерін қосады, осылайша біздің заманымыздың ең қауіпті ауруларына қарсы тұрады.

     

    Қазақстан Республикасында біз пациенттердің өмірін жақсы жаққа өзгертетін озық шешімдермен күн сайын жұмыс істей отырып, аурулар ауыртпалығымен 25 жылдан астам уақыт бойы күресіп келеміз. Бүгінде елімізде онкология, ревматология және иммунология, неврология, вакцинопрофилактика, урология, кардиология және госпитальдық инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын 74 дәрілік зат тіркелген. 

    1995 жылдан бастап Қазақстандағы Pfizer әлемдік жетекші инновациялық биофармацевтикалық компаниялардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен инновациялық терапиядағы және аурудың алдын-алудағы алдыңғы қатарлы шешімдердің көмегімен қоғамдық денсаулықты нығайту үшін үздіксіз ынтымақтасады. Біз сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметінің денсаулық сақтау жүйесін реформалауға бағытталған күш-жігерін қолдаймыз.

     

    170 жылдан астам уақыт ішінде 150 елде Pfizer бізге сенім артатындардың барлықтарынын жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейді.

     

     

    Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би.Ви.) компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы

    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 0500000, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 100/4 үй          

    Тел.: +7 / 727/ 250 09 16

    Факс: +7 / 727/ 250 42 09

    e-mail: PfizerKazakhstan@Pfizer.com